Нефролог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Екатерина Иванова бүйрегі ауыратындар пайдаланбауы керек өнімдерді атады. Оның айтуынша, калийге бай жемістер созылмалы бүйрек ауруы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін, - деп хабарлайды "Говорит Москва" басылымы.

Иванова кептірілген өрік, қара өрік және бананда калий көп екенін атап өтті.
"Бұл жемістерді қолданғанда өте сақ болу керек. Әсіресе жазда артық пайдаланудың қажеті жоқ", - дейді дәрігер.
Маманның айтуынша, бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардың ағзасында калий жиналады. Бұл элементтің артық болуы жүрек жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін.
"Калийдің жоғары мөлшерінен жүрек жұмысы баяулауы мүмкін, тіпті тоқтап қалуы да ықтимал. Бұл бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды бақылау үшін өте маңызды көрсеткіш", - деді дәрігер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!