Павлодар мен Хопкинс клиникасының дәрігерлері тәжірибе алмасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар мен Хопкинс клиникасының дәрігерлері тәжірибе алмасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Халықаралық деңгейде күш жұмсалғанына қарамастан, пандемияға байланысты жағдай, COVID-19-бен ауырған науқастарды емдеу мәселесі әлі де өзектілігін жойған жоқ. 2021 жылы 28 қыркүйекте "COVID-19-ды емдеу алгоритмі. Джонс Хопкинс ауруханасының тәжірибесі" атты тақырыпта өткізілген вебинардың демеушісі және техникалық серіктесі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы, "Медицина-инновациялық технологиялар" медициналық компаниясы аударылған мәліметтерді өңір клиникаларының бас дәрігерлеріне тапсырды. Вебинар мен тәжірибе алмасу Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Айдар Ситказиновтың бастамасымен, Қазақстан Республикасының Сан-Франциско қаласындағы бас консулы Азамат Әбдірайымовтың, халықаралық денсаулық сақтау ұйымының кеңесші Ян Меньенің қатысуымен ұйымдастырылды.
Кездесуде Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Айдар Ситказинов тәжірибе алмасу мен білім мен біліктілік деңгейін үнемі жоғарылату мәселелері тек пандемия кезінде емес, дәрігерлер үшін кәсіби қызметтің барлық кезеңінде маңызды екенін атап өтті. Кездесуге қатысушылар аймақтағы мамандардың кәсіби деңгейін арттыру саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін айтты.
Вебинар деректерінде COVID-19 бар науқастарды ауруханаға жатқызу, пациенттерді үйде және ауруханада емдеу, дәрі-дәрмектерді қолдану, жан сақтау мәселелері бойынша әлемдегі беделді дереккөздерге сілтемелер бар. Сонымен қатар, деректерде Джонс Хопкинс ауруханасының жеке оқытуды ұйымдастыру, ресурстарды басқару, пациенттердің тыныс алуын жақсарту үшін сұйық оттегімен қамтамасыз етудегі тәжірибесі көрсетілген.
Вебинар "Медициналық инновациялық технологиялар" компаниясының қолдауымен өтті. Компания қызметі практикалық денсаулық сақтауды дамытуға және медициналық мекемелерді жабдықтауға бағытталған. Пандемия кезінде "Медициналық-инновациялық технологиялар" компаниясы ауруханаларды қайта жобалау, оларды қажетті құрал-жабдықтармен, оттегімен қамтамасыз ету бойынша жобаларды тез іске асыру арқылы қазақстандықтардың денсаулығын сақтауға өз үлесін қосты, сонымен қатар, дәрігерлер үшін COVID-ті емдеуге арналған төрт халықаралық вебинар ұйымдастырып, демеушілік көрсетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!