Диетолог Анжелика Дюваль COVID-19-дан кейін қандай сусындарды ішуге болмайтынын, ал қайсы ағзаны аурудан сауықтыруға көмектесетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik радиосына сілтеме жасап.
Диетолог Анжелика Дюваль COVID-19-дан кейін қандай сусындарды ішуге болмайтынын, ал қайсы ағзаны аурудан сауықтыруға көмектесетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik радиосына сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, ауру кезінде негізінен су ішу керек, ол коронавирус инфекциясынан кейін де негізгі сусын болып қала береді. Дегенмен тезірек күш жинау үшін пайдалы жеміс сусындарын ішуге болады. Жеміс сусындарын дайындау үшін диетолог теңіз шырғаны мен мүкжидектерді пайдалануды ұсынды.
"Екі литр суды 80 градусқа дейін ысытып, жуылған жидектерді саламыз, шамамен 200 грамм. Тәтті болуы үшін құлпынай қосуға кеңес беремін: құлпынай мен теңіз шырғанағы немесе құлпынай мен мүкжидек. Осыдан кейін араластырғашты қолдансаңыз болады, нәтижесінде сіз пайдалы жеміс сусынын аласыз", - деп түсіндірді Дюваль.
Сусынды қайнатудың қажеті жоқ, әйтпесе ондағы дәрумендердің мөлшерін сақтау мүмкін болмайды.
Диетологтың айтуынша, жеміс-жидек сусындарынан басқа, көк шайға негізделген тұнбалар емдік әсерге ие. Мұндай сусынның құрамына мүкжидек те, басқа жемістер де кіруі мүмкін.
"Стандартты түрде қайнатамыз: бір жарым литр су үшін екі ас қасық жоғары сапалы көк шай, екі тілім апельсин және бір немесе екі ас қасық мүкжидек қосыңыз. Мен тәтті қылуды ұсынбаймын, оның орнына алманы қабығынсыз қосқаныңыз дұрыс. Осы сусынды 40-50 минут демдеп, күні бойы ішіңіз", - деді дәрігер.
Егер сусын салқындап кетсе, оны жылы сумен сұйылтуға болады, бірақ қайнаған сумен емес. COVID-19-дан кейінгі қалпына келтіру кезеңінде кейбір сусындардан аулақ болған жөн, деп жалғастырды диетолог. Тыйым салынған тізімге ең алдымен қара шай мен қою кофе кіреді.
"Сонымен қатар, тыйым салынған тізімге тәтті газдалған сусындар мен шырындарды қосар едім. Шырындарды үйде дайындаған дұрыс", - деп кеңес берді Дюваль.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!