06 қыркүйек 2021 | 09:36

COVID-19-дан кейін оңалуға не көмектеседі? Дәрігер жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрумендердің коронавирус инфекциясымен күрестегі ролі қандай және ол COVID-19-дан кейін қандай жағдайларда тағайындалатыны туралы диетолог, нутригенетик дәрігер Андрей Золотарев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Дәрумендердің коронавирус инфекциясымен күрестегі ролі қандай және ол COVID-19-дан кейін қандай жағдайларда тағайындалатыны туралы диетолог, нутригенетик дәрігер Андрей Золотарев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі денсаулықтың нашарлауына және әртүрлі патологияға әкеп соғады. Әсіресе, ағза аурудан әлсіреген болса. Сондықтан, маманның айтуынша, ауру кезінде барлық қажетті компонентті қамтитын дұрыс тамақтану маңызды.

Бұл кез келген ауруға қатысты. COVID-19-ды емдеуде дәрумендер мен минералдардың нақты ролі туралы деректер әлі жоқ, деді Золотарев.

"Біз коронавирус инфекциясын емдеу кезінде дәрумен-минералдар кешенін немесе дәрумендерді міндетті түрде қолдануға кеңес бере алмаймыз, дегенмен іс жүзінде С және Д дәрумендерін, селен, мырышты тағайындауға болады", - деді диетолог.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырып, жазылғаннан кейін сауықтыру кезінде дәрігерлер бірінші кезекте нақты салдарға назар аударады, соған сәйкес дәрумендерді де тағайындауға болады.

"Коронавирустан жазылғаннан кейінгі синдром барлық науқаста әртүрлі жолмен дамиды. Коронавирус көбінесе дененің әлсіз бөліктерін зақымдайды. Егер аурғанға дейін адамда дәрумендер жетіспеушілігі болса, онда, әрине, қабылдау қажет. Бұл минералды қоспаларға да қатысты. Ол темір тапшылығы анемиясында да кездеседі, мұнда Д дәруменін, хелатталған темірді қолдану ұсынылады", - деп қосты Золотарев.

Диетолог дәрумен-минералдар кешенін емдік мақсатта қолдану туралы шешімді дәрігер қабылдауы керек екенін еске салды, өзін-өзі емдеуге болмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети