COVID-19-ға қарсы екі түрлі вакцина салуға бола ма? ДДСҰ ұстанымы

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19-ға қарсы екі түрлі вакцина салуға бола ма? ДДСҰ ұстанымы @REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері адамдарға COVID-19-ға қарсы вакцинаны әртүрлі өндірушіден салдырмауға кеңес беріп, мұны "қауіпті үрдіс" деп атады, өйткені оның денсаулыққа әсері туралы мәліметтер аз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан ДДСҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде COVID-19 өршуіне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Женева корреспонденттер қауымдастығы (ACANU) ұйымдастырған баспасөз конференциясына қатысты.

"Бұл аздап қауіпті үрдіс. Бізде араластыру мен сәйкестікке қатысты мәліметтер мен дәлелдер жоқ. Адамдар екінші, үшінші және төртінші дозаны қашан алатынын өзі шеше бастаса, елдерде абыл-сабыл басталады", - деді Сумья Сваминатан онлайн-брифингте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети