COVID-19 жұқтырғандарға туберкулез қаупі бар - министрлік

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

COVID-19 жұқтырып, айыққан науқастар басқаларға қарағанда туберкулез жұқтыруға бейім болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

COVID-19 жұқтырып, айыққан науқастар басқаларға қарағанда туберкулез жұқтыруға бейім болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

COVID-19 жұқтырған кезінде және кейін жалпы иммунитет айтарлықтай әлсірейді. Сондай-ақ, өкпедегі өзгеріс, фиброз ұзақ уақыт сақталады. Яғни, өкпе құрылымы және тыныс алу жүйесіндегі қорғаныс қызметі бұзылады. Осы факторларды ескерсек, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарда туберкулезбен ауыру ықтималдығы бар.

"Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2020 жылы 40 адамда туберкулез анықталған, ал 2021 жылдың қаңтарында республикада 11 жағдай тіркелген. Бірақ, ықтималдық өте жоғары екенін айту мүмкін емес", - деді медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті өкілдері.

Салдар мен асқынуға жол бермеу үшін амбулаториялық-емханалық деңгейде бақылау қажет, салауатты өмір салтын жүргізу ұсынылады. Дәрігерлер зиян әдеттерден арылуға, спортпен шұғылдануға, дұрыс тамақтану рационын сақтауға, сондай-ақ еңбек және демалыс режимін сақтауға кеңес береді.

"Инфекциянының орташа немесе ауыр түрін жұқтырған адамдарға, сондай-ақ науқас жағдайына байланысты медициналық оңалту курсынан өту ұсынылады. Дене қызуының жоғарылауы, 2-3 апта бойы жөтел, түнде терлеу сияқты клиникалық белгілер болған жағдайда, учаскелік дәрігерге барып, туберкулезді болдырмау үшін тексеруден өту ұсынылады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ұйымның мәліметі бойынша, коронавирус инфексиясын жұқтырғаннан кейін пайда болатын ең көп таралған патологиялардың бірі - қанның қоюлануына байланысты тромбоздар, миокард инфаркті, жүйелік эндотелиит, миокардит, өкпе фиброзы, тыныс алу жеткіліксіздігі сияқты жүрек-тамыр аурулары.

Бұл асқынулар қант диабеті, артериялық гипертензия, семіздік сияқты созылмалы аурулары бар адамдар және 60 жастан асқан науқастарға әсер етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro