01 наурыз 2020 | 16:15

COVID -19: Қазақстан әуежайлары мен вокзалдарында 32 456 адам тексерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің Facebook парақшасындан Сурет ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің Facebook парақшасындан

2020 жылғы 6 қаңтардан 28 ақпанға дейін елімізге 32 456 адам келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасады. 


Иконка комментария блок соц сети

2020 жылғы 6 қаңтардан 28 ақпанға дейін елімізге 32 456 адам келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасады. 

6 қаңтар - 28 ақпан аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 32 456 адамды қарап-тексерді.

Мониторингке барлығы 24 469 келгендер алынды, 23 980 қамтылды, мониторингтен 24 432 алынды, соңғы 14 күнде келген 27 адам медициналық бақылауда қалды.

1 науырызда дене қызуы мен ЖРВИ белгілерімен 165 адам емдеуге жатқызылды, оның барлығы шығарылды.

Сондай-ақ, кеше таңертеңгі сағат 2:30-да Нұр Сұлтан қаласына Токио қаласынан 20 қазақстандық азамат келді (оның ішінде 4 адам – "Diamond Princess" жапон лайнерінің жолаушылары). Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.  

Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.

Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған.
Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:
- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
- науқас адамдармен байланыста болмауға;
- суық тию белгілері (дене қызуы жоғары, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети