07 қыркүйек 2020 17:26

COVID-19 өкпеге қалай әсер ететіні анықталды - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: iStock Фото: iStock

Аустриялық ғалымдар коронавирус инфекциясы өкпе қызметіне ұзақ уақыт әсер ететінін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Аустриялық ғалымдар коронавирус инфекциясы өкпе қызметіне ұзақ уақыт әсер ететінін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Зерттеу жұмысына COVID-19 вирусының ауыр түрімен ауырған 86 науқасқа сараптама жүргізілген. Олар 2020 жылдың сәуірінен маусымы аралығында бақылауда болған. Науқастар ауруханадан шыққаннан кейін 6 аптадаң соң тексерілген. Сондай-ақ, 12 аптадан кейін тағы бір тексерістен өткен.

6 аптадан кейін ғалымдар науқастардың 65,9 пайызында COVID-19 тұрақты белгілері бар екенін анықтаған. Олардың ішіндегі ең жиі кездесетін белгі - ентігу және жөтел.

"COVID-19 вирусымен ауырып, ауруханадан шығарылған науқастардың өкпесіне зақым келгені анықталды. Бұл жағымсыз жаңалық болып саналады. Алайда жақсы жаңалық та бар. Уақыт өте зақымдалған өкпе қалпына келген. Бұл өкпеде өздігінен қалпына келу механизмі бар екенін көрсетеді", - дейді зерттеу жұмысының авторы, доктор Сабина Саханик.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети