Ресей халықтар достығы университетінің жұқпалы аурулар кафедрасының доценті Сергей Вознесенскийдің айтуынша, COVID-19-ға қарсы вакцина салдырды деген төлқұжат құжаттарды рәсімдеу және беру кезінде болуы мүмкін қателіктерге байланысты ауруды азайтуға көмектеспеуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен ЕО наурызда вакцинацияны, COVID-19 тестінің нәтижелерін немесе аурудан жазылып шығу деректерін тіркеуге мүмкіндік беретін электрон вакцинация төлқұжаты туралы заң жобасын ұсынуды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович ДДҰ бұл құжаттарды елдерге енгізуге әлі кеңес бермейтінін айтты.
"COVID-сертификаттарға келетін болсақ, мұнда адам факторы да, зертхананың диагностикалық қатесі де болуы мүмкін. Сондықтан қандай да бір сертификаттарды енгізу арқылы коронавирус инфекциясын жұқтыру азаяды деп айтпас едім", - деді Вознесенский РИА Новости тілшісіне.
Оның айтуынша, құжатты беру барысында алаяқтық жағдайлары да болуы мүмкін.
"Зертхананың кез келген қызметкері "сыйлыққа" төлқұжатты жасап беруі мүмін. Теориялық тұрғыдан бұл мүмкін бе? Өкінішке қарай, иә", - деді Вознесенский.
Ол COVID-төлқұжат жасау тіпті техникалық тұрғыдан күмәнді екенін де атап өтті.
"Барлық тест жүйесі 100 пайыздық сезімталдық көрсетпейді. Сондай-ақ, екі пациенттің нәтижесі шатасып кетуі мүмкін", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!