06 қараша 2021 | 17:37

Дәрігер COVID-19-дан кейін дене қызуы түспесе не істеу керек екенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19-дан айыққан адамдарда дене қызуы тағы бірнеше ай бойы 36,6 градустан жоғары болуы мүмкін. Ондай жағдайда қалай әрекет ету керек екенін нейрофизиолог Александр Будик Sputnik радиосында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


COVID-19-дан айыққан адамдарда дене қызуы тағы бірнеше ай бойы 36,6 градустан жоғары болуы мүмкін. Ондай жағдайда қалай әрекет ету керек екенін нейрофизиолог Александр Будик Sputnik радиосында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ауру кезінде дене қызуының көтерілуі қалыпты жағдай және бұл ағза инфекциямен күресіп жатқанын көрсетеді. Егер жазылғаннан кейін осындай жағдай қайталанса, онда бұл денедегі теңгерімсіздік белгісі болуы мүмкін, деді нейрофизиолог.

Оның айтуынша, COVID-19-дан жазылғаннан кейін де дене қызуы 37-37,5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Дәрігердің айтуынша, дене қызуы бірнеше апта немесе тіпті айлар бойы көтерілуі мүмкін.

"Қалыпты жіті респираторлық инфекциялар мен тұмау кезінде де осындай белгілер байқалады. COVID-19-дан жазылғаннан кейін терморегуляцияның бұзылуы вегетатив теңгерімсіздік көрінісі болуы мүмкін", - деп түсіндірді Александр Будик.

Температураның 37,5 градусқа дейін көтерілуі қауіп төндірмейді. Бірақ егер ол басқа белгілермен қатар байқалса, онда бұл дәрігерге баруды талап етеді, деп жалғастырды нейрофизиолог.

"Мысалы, егер науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырса немесе буындары ауырса, бұл дәрігерге көріну керек екенінің белгісі. Температураның шамалы көтерілуіне белгісіз ауырсынулар қосылса, бұл дәрігерге қаралу керек екенін білдіреді", - деп қосты Александр Будик Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Дәрігердің айтуы бойынша, егер қосымша белгілер байқалмаса, температура біраз уақыттан кейін қалыпқа келуі керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.5   535.02   5.16 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети