Дәрігер COVID-19 жұқтырған науқастар неге иісті дұрыс сезбей қалатынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер COVID-19 жұқтырған науқастар неге иісті дұрыс сезбей қалатынын түсіндірді © pexels.com

Ресейлік оториноларинголог, медицина ғылымдарының кандидаты Ксения Карташова COVID-19-дан кейін неге иістер бұрмаланып сезілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Российская газета" басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік оториноларинголог, медицина ғылымдарының кандидаты Ксения Карташова COVID-19-дан кейін неге иістер бұрмаланып сезілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Российская газета" басылымына сілтеме жасап. 

Дәрігердің сөзінше, SARS-CoV-2 вирусы ағзаға енген кезде, ол тыныс алу және иіс сездіретін нейрондарды қоректендіретін жасушаларға зақым келтіреді. Көмекші жасушалар өлгенде, нейрондар қалыпты жұмысын тоқтатады және иістерді танымай қалады.

Содан иістерді тануда әлі "тәжірибесі жоқ" жетілмеген нейрондар жиналады.

"Бір ғылыми теорияға сәйкес, осы жетілмеген нейрондар иістерді бұрмаланған түрде қабылдауға себеп. Олар бізге қате сигналдар жібереді. Мұнда әркімде әр түрлі", - деді Ксения Карташова.

Сондай-ақ, дәрігер коронавирусқа шалдыққан науқастардың жаңа клиникалық зерттеулерінің деректерін бөлісті. Олардың кейбіреуінде мидың эмоциялар мен есте сақтау механизмдеріне қатысатын бөлігінде өзгерістер болған.

"Иістерді қабылдаудың бүкіл тізбегі бізде гиппокамптың маңынан өтеді, сондықтан белгілі бір иістер тұрақты эмоционалды есте сақтау қабілетін тудырады. Мысалы, әтірдің хош иісін сезіп, бір адамды еске алуыңыз мүмкін. Сондықтан мидың осы аймағының зақымдануынан иістерді бұрмаланған күйде қабылдауымыз мүмкін", - деді оториноларинголог.

Дәрігер иіс сезу қабілеті кей адамда бесінші күні, басқасында сегізінші айда оралуы мүмкін екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети