21 желтоқсан 2021 18:06

Дәрігер екпе туралы белгілі қауесетті жоққа шығарды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников екпе орнына су тигізуге бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.


Ресейлік дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников екпе орнына су тигізуге бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, бұл миф ұзақ уақыт бұрын шыққан және "мүлдем бұзылмайтын" қағидаға айналған. Ол мамандардың көпшілігі, соның ішінде оның клиникасындағылар да үш күн бойы инъекциядан кейін су тигізу қауіпті екеніне сенетінін айтты.

"Біз оны ана сүтімен бойға сіңірдік. Бұл қате қайдан кетті? Білмеймін. Менің ойымша, бұл соғысқа дейінгі уақыттан бері бар", - деді Мясников.

Оның айтуынша, екпе алған жерге су тигізуге болады, өйткені инфекция мұндай кішкентай жерге ене алмайды.

Еске салайық, бұған дейін ол ұзақ өмір сүру туралы танымал мифті айтқан болатын. Дәрігер аштық ұзақ өмір сүрудің жолы болатынын сынаған еді. Оның пайымдауынша, аш жүру - тіршілік иелерінің табиғатына жат нәрсе.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети