24 шілде 2018 | 17:21

Дәрігер фонтанда шомылудың қаупін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Жаздыкүні аптап ыстыққа шыдамаған қала тұрғындары фонтанға шомылып, бір сергіп алуға қарсы емес. Алматы қаласының медициналық мекемелерінің бірінің Инфекция мен паразитолгия бөлімінің дәрігері Салима Тагайқызы Тengrinews.kz тілшісіне су бұрқағында шомылу қаншалықты қауіпті екенін айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Жаздыкүні аптап ыстыққа шыдамаған қала тұрғындары фонтанға шомылып, бір сергіп алуға қарсы емес. Алматы қаласының медициналық мекемелерінің бірінің Инфекция мен паразитолгия бөлімінің дәрігері Салима Тагайқызы Тengrinews.kz тілшісіне су бұрқағында шомылу қаншалықты қауіпті екенін айтып берді.

"Ең көп бактериялар мен вирустар қала фонтандарында. Адамның ағзасына ең қауіпті микроорганизмдер сол жерде жиналған. Фонтанда жиналған ең қауіпті вирустардың бірі ол ротавирус және энтеровирус инфекциялары. Фонтанға шомыла салып, ішек инфекциясы мен гепатит А, Е жұқтырып алсаңыз таңғалмаңыз", - деп мәлімдеді алматылық дәрігер Салима Тагайқызы.

Оған қоса, дәрігер бұрқақта ағын су болмағандықтан шомылу өте қауіпті екенін атап өтті. Әсіресе ұл балалар жануаралар қалдырып кеткен гельминитті, яғни жұқпалы инфекциясын жұмыртқаларына жұқтырып алатынын айтты. Дәрігердің айтуынша, ішек инфекциялары, полиомиелит, гепатит А, Е аденовирус пен энтеровирус аурулары су бұрқағында қаптап жүреді.

"Ыстықтан қашамын деп, ауруды әп-сәтте жұқтырып алатындарыңызды ұмытпаңыздар. Фонтанда шомылу вирусты ғана емес, балалар тайып құлап түсіп, су ағызатын құбырларға басын соғып алған жағдайлар да кездесті.  Арнайы шомылатын бассейндерге бекерден хлорды қоспайды. Олар бактерияларды өлтіру үшін салынатын қосынды, сондықтан тыйым салынған жерлерде шомылмаған абзал. Аскарида, ішек құрты, лямблиоз, атай берсең бұл тізімде бітпейді. Жануралар, құстар өздерінің сілекей бактериялары қалдырып кететін гельминитті вирустары ұл балаларға өте қауіпті. Себебі ол бактериялар ұл балалардың жұмыртқасына, яғни дененің ашық жерлеріне жұқтырады", - деп қосты инфекция дәрігері.


© o-krohe.ru

"Оған қоса, қалада тазалық іс-шарасын тұрақты тіпті, жиі жасап тұру қажет. Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды ыстықтан қорғаймын деп, ауықпайтын ауруға шалдырып алмаңыздар. Балаңызды қараусыз қалдырмауыңызды, рұқсат етілмеген жерде шомылмау керектігін есіне салып тұрыңыздар. Бала ғой ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмейді", - деп ескертті дәрігер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети