Дәрігер пневмонияның алғашқы симптомдарын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер пневмонияның алғашқы симптомдарын атады Фото:elements.envato.com

"Астана медицина университеті" КЕАҚ отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі Наталья Латыпова пневмонияның алғашқы симптомдарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана медицина университеті" КЕАҚ отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі Наталья Латыпова пневмонияның алғашқы симптомдарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медицина ғылымдарының докторы аурудың симптомдары бірден емес, шамамен 5-7-і күні респираторлық кезеңде пайда болатынын айтады.

"Алғашқы симптомдар жөтел, ентігу, ыңғайсыздық, тыныс алудың қиындауы және кеуде ауыруы болуы мүмкін. Төменгі тыныс алу жолдарының зақымдануының белгісі - бұл симптомдардың біртіндеп өршуін білдіреді", - деді Наталья Латыпова.

"Егер бұл симптомдар әрі қарай өршімесе және температура 7 күннен артық көтерілмесе, онда алаңдатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл антибиотиктерді қабылдауға немесе компьютерлік томографиядан өтуге себеп емес. Адам 2-3 күн бойы симптомдардың күшейіп жатқанын байқаса, онда бұл өкпенің қатты зақымдануының белгісі болуы мүмкін. Бұл жағдайда зерттеу жүргізіп, емдеу әдісін өзгерту қажет", - деді Латыпова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.35  course down  591.04  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети