Дәрігер суық ауа жұтудың қаупін ескертті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер суық ауа жұтудың қаупін ескертті Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Суық ауаны жұту адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, терапевт, профессор Александр Карабиненко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.RU сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суық ауаны жұту адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, терапевт, профессор Александр Карабиненко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.RU сайтына сілтеме жасап.

"Суық ауаға ерекше сезімтал адамдар бар. Ал минус 20-25 градус температурада адамның бәрінде жағымсыз сезім пайда болады және суықта жүру салдары - жөтел, ентігу, біраз уақыттан кейін тамақ ауруы пайда болуы мүмкін", - деді ол Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Дәрігер мұндай жағдайға назар аударуды ұсынады, өйткені инфекция асқынған жерге оңай "отырады".

Александр Карабиненконың кеңесі бойынша, гипотермияға жол бермеу үшін тамақты орап алу керек немесе медициналық маска қолдануға болады.

"Осындай жағдай жасау керек, суық ауа өкпеге кірер алдында жылынуы керек. Даладан жылы жерге кіргеннен кейін ыстық шай немесе кофе ішу керек", - деп кеңес береді дәрігер.

Бүкіл әлемде суыққа аллергиясы бар адамдардың саны артып келеді. Бұл туралы Мәскеудегі №52 қалалық клиникалық аурухананың қалалық аллергология және иммунология орталығының маманы Наталья Мальцева айтты. Тропикалық елдердегі адамдар да бұл аурудан зардап шегеді, деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети