Дәрігер сырадан пайда болатын қарыннан құтылу жолын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер сырадан пайда болатын қарыннан құтылу жолын айтты Иллюстрация: pixabay

Медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Демин сырадан шыққан қарынды дәрігерлер не деп санайтынын, бұл ауытқудың неліктен пайда болатынын және одан қалай арылу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik радиосына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Демин сырадан шыққан қарынды дәрігерлер не деп санайтынын, бұл ауытқудың неліктен пайда болатынын және одан қалай арылу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik радиосына сілтеме жасап.

Деминнің сөзінше, күнделікті өмірде сырадан шығатын қарынды семіздіктің ерекше түрі деп атайды. Дәрігерлер бұл денсаулықтың бұзылуын қауіпті фактор ретінде қарастырады.

"Ғылыми тұрғыдан айтқанда, бұл семіздіктің абдоминалды түрі. Онда май негізінен бел аймағына жиналады. Бұл өте қолайсыз құбылыс, ол денсаулық пен өмірге үлкен қауіп төндіреді", – деді Демин.

Маманның пікірінше, мұндай қарын көп жағдайда әдет салдарынан болады.

"Алкогольге тәуелді ер адамдарда семіздіктің бұл түрінің пайда болуы тамақтану мәдениетінің дұрыс қалыптаспағанына байланысты, адамдар ішіп-жегенде теледидар алдында отырады. Бұл жағдайда калория жұмсалмайды және адамдар қате мінез-құлық стереотипін қалыптастырады", - деп түсіндірді Демин.

Медицина ғылымдарының кандидаты адам сыра ішкенде, былбырап қалады деп санайды. Бұл жағдайда ол қозғалғысы келмейді. Сырадан пайда болатын іштің проблемасын шешу жолы - көбікті сусыннан бас тарту. Бұл сергектікті қалпына келтіруге және тәбетті төмендетуге көмектеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети