Дәрігер тіс емдеуде үнемдеу жолдарын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер тіс емдеуде үнемдеу жолдарын айтты Фото: pixabay

Тіс емдеуден үнемдеу жолдарын пародонт-тіс дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Егана Маруфиди айтып берді. Ол ең дұрысы алдын алу екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мослента" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тіс емдеуден үнемдеу жолдарын пародонт-тіс дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Егана Маруфиди айтып берді. Ол ең дұрысы алдын алу екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мослента" басылымына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, кез келген ауруды, оның ішінде тіс ауруын ерте бастан емдеу немесе оның алдын алу арзанға түседі.

"Жарты жылда бір рет дәрігерге қаралу, тісті кәсіби тазалау, кемшіліктерді, ішкі қабынуды жою, иммунитетті нығайту тістерді сақтауға көмектеседі. Өйткені тістер ағзадағы кез келген өзгерістерге өте сезімтал", - деді дәрігер.

Сондай-ақ, дәрігер тіс щеткасынан басқа, әсіресе қисық тістерге ирригаторды пайдалануды ұсынды. Бұл тіс жегі мен қызыл иектің ауру қаупін 60 пайызға азайтады екен.

Маманның айтуынша, кейін дұрыс емделмеген тіске қайта төлем жасамас үшін тіс дәрігерін мұқият таңдау маңызды. Сондай-ақ, акция, бонус немесе кэшбэк туралы айтатын медициналық орталықтардың веб-сайттарын қарап шығуға болады.

Маруфиди бір тіс түсіп қалған жағдайда имплантация жасауды ұсынады. Жасанды тістер салғанда көрші турған тістер қайралады. Оны ерте ме, кеш пе емдеуге тура келеді, бұл қосымша шығындарға әкелуі мүмкін, дейді сарапшы.

"Егер ортодонт емдеу ұсынылса, винир салмай, емдеуден өткен дұрыс. Осылайша ұзақ мерзімді нәтиже аласыз және жақын арада емханаға барудың қажеті болмайды", - деп кеңес берді тіс дәрігері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети