Дәрігер вирус инфекциясынан қалай тез айығуға болатынын түсіндірді

Дәрігер вирус инфекциясынан қалай тез айығуға болатынын түсіндірді Көрнекі сурет: pixabay.com

Терапевт дәрігер Алексей Хухрев ЖРВИ-дан қалай тез айығуға болатынын және ауру созылып кетпеу үшін не істеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды радио Sputnik.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Терапевт дәрігер Алексей Хухрев ЖРВИ-дан қалай тез айығуға болатынын және ауру созылып кетпеу үшін не істеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды радио Sputnik.

Дәрігердің сөзінше, көптеген жұқпалы вирустың ерекшелегі - оларға қарсы дәрі жоқ, адам ағзасы ауруды өзі жеңуі керек. 

Қолданыстағы вирусқа қарсы препараттар ағзаның ЖРВИ туындауына әсер ететін барлық патогенмен күресуге қауқарсыз. Тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекцияны жеңу де қиын. Оларға қарсы тұмау немесе коронавирус екпесі секілді вакцина жоқ. Алайда, Хухревтің сөзінше, адам тезірек сауығуы үшін иммунитетті нығайтатын дәрумендер ішуі керек.  

"D витаминінің деңгейін бақылап жүру керек. Ол иммунитетке тікелей әсер етеді. Егер D витаминінің деңгейі төмен болып, адам ауырып қалса, дәрумен ішу керек", - дейді дәрігер. 

Дәрігер адам дұрыс ұйықтап, дұрыс тамақтанып, алкогольден уақытша бас тарту керегін айтады. Бұл ережелер орындалмаған жағдайда адамның аурудан айығуы ұзаққа созылып кетеді. Одан бөлек, ағзаның тез қалыпқа келуіне белсенді өмірді тез бастап кету де кедергі жасайды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети