Коронавирус пандемиясына байланысты адамдар үйде отырып, тамақты көп жеп, алкоголь ішіп, аз қозғалады. Карантин кезінде осындай зиян әдеттері байқалады. Бұл туралы диетолог Александра Кириленко мен иммунолог Анатолий Устющев "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дәрігердің айтуынша, адамдар үйдегі карантинде түнде тұрып тамақ жейді. Олар пандемия туралы жағымсыз жаңалықтарды фастфудпен бірге "жеп қояды" және газдалған сусындар ішеді. Диетолог Кириленко мұндай кезде созылмалы аурулар өршіп кетуі мүмкін екенін ескертеді.
"Мұндай өмір салты - артық салмақ жинаудың, қант диабетінің, жүрек ауруларының жолы. Гормондар жағы нашарлап, атеросклероз, деменция қаупі күшейеді", - дейді дәрігер.
Сондай-ақ, дәрігер карантин кезінде артық тамақ жеумен қатар спирт ішімдіктерге қызығушылық артатынын атап өтті.
Иммунолог Анатолий Устющев болса, компьютер алдында ұзақ отыру да зиян әдетке айналатынын ескертті.
"Адам жұмысы аяқталған соң үстелден тұрып, пәтердің ішінде әрі-бері жүріп, жаттығу жасауына болады. Бірақ ол көбіне не істейді? Ол компьютер алдында отырып, ойнауды және түрлі көңіл көтеретін бағдарламаны, фильм қарауды жалғастырады. Жұмысы біткен соң тұрып кетпейді", - дейді дәрігер.
Дәрігер аз қозғалатын адамдарда инфаркт, инсульт алуға және онкологиялық ауруларға шалдығу қаупі жоғары екенін айтады.
"Неше жаста болғаныңызға қарамастан, сіз аптасына бес рет жаттығу жасап, терлеуіңіз керек. Отырып-тұру, кешенді жаттығулар, кардиожаттығулар жасауыңыз керек", - деп түйіндеді маман.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!