11 шілде 2019 | 10:22

Дәрігерлер шоколадтың денсаулыққа зиян келмейтін мөлшерін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамандар күн сайын бір плитка шоколадтың жартысын қоректену адам денсаулығына еш зиян келтірмейтінін айтады, алайда оны күннің бірінші жартысында жеген дұрыс, өйткені оның құрамында ұйықтауға кедергі келтіретін заттар бар екен, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Мамандар күн сайын бір плитка шоколадтың жартысын қоректену адам денсаулығына еш зиян келтірмейтінін айтады, алайда оны күннің бірінші жартысында жеген дұрыс, өйткені оның құрамында ұйықтауға кедергі келтіретін заттар бар екен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бейсенбіде бүкіләлемдік шоколад күні аталып өтіледі. Бірінші болып француздар осы тәттіге арнап жаппай тойлай бастаған. Кейінірек Еуропаның басқа да елдері осы мерекеге қосыла бастаған. 

"Егер какаосы 50 пайыздан аспайтын қара түсті шоколадты алатын болсақ, онда күнделікті 50 грамм пайдалануға болады. Адам ауыр жұмыспен айналысатын болса немесе спортпен шұғылданатын болса онда көбірек тұтынуға да болады", - дейді Сеченов университетінің медицина ғылымдарының докторы, профессор Алексей Буеверов.

Маманның айтуынша, мүмкіндігінше шоколадты күннің бірінші жартысында жеген дұрыс, себебі ол калорилық болып табылады және құрамында қант бар. Сонымен қатар, оның құрамында алкалоидтар бар, ол ұйықтауға кедергі келтіреді екен. 

Өз кезегінде диетолог дәрігер Елена Ливанцованың айтуынша, сүтті және қара шоколадтың энергетикалық құндылығы бірдей-ақ. 

Негізінен қара түсті шоколад салыстырмалы түрде адам денсаулығына пайдалы, себебі ондағы какао-бұршақтар мен пайдалы компоненттер бар. 

"Қара түсті шоколад құрамындағы биофлавоноидтер белсенді түрде зерттеліп жатыр. Олардың холестерин алмасу процесі зерттелуде. Шоколад құрамында майлар бар болғанына қарамастан флавоноидтар холестерин деңгейін түсіреді", - деді Ливанцова. 

Буеверовтың айтуынша, шоколад адамға қосымша күш-қуат бері, көңіл күйін жақсартады және бауырға қорғаныс әсерін береді екен. Адамның ұйқы безі дұрыс жұмыс істемеген жағдайда шоколад жеу кері әсерін береді. 

Ливанцова мөлшерден тыс шоколад жеу артық салмақ қосуға, көмірсутек алмасу процесінің бұзылуына, сондай-ақ тіске кариес түсу қауіпі барын айтты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети