Дәрігерлердің коронавирусты қалай жұқтырып алуы мүмкін екені айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлердің коронавирусты қалай жұқтырып алуы мүмкін екені айтылды

Италиялық дәрігер Массимилиано Бруньоло дәрігерлердің коронавирусты қалай жұқтырып алуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италиялық дәрігер Массимилиано Бруньоло дәрігерлердің коронавирусты қалай жұқтырып алуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Бруньолоның айтуынша, COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеп жатқан дәрігерлердің барлығы барлық қорғану шарасын қабылдап, арнайы костюм кисе де коронавирус жұқтыруы әбден мүмкін.

"Біздің жұмысымызда төтенше жағдайлар болады. Әдетте ауыр жағдайда жатқан науқастарға көмек керек болады. Бұл кезде вирус жұқтырған науқаспен байланыспау мүмкін емес. Қауіп, әрине, бар. Бірақ біз дәрігерлер ештеңеге қарамастан, адамдарға көмектесеміз", - дейді ол.

"Көбіне біз жұмысымызға толықтай беріліп істейміз, бірінші кезекте науқас туралы, сосын ғана өзіміз жайлы ойлаймыз", - дейді Массимилиано Бруньоло.

Еске салайық, мұның алдында Нұр-Сұлтанда Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта медицина қызметкерлерінің бірінің коронавирус жұқтырып алғаны хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети