Дәрі-дәрмек қымбаттайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрі-дәрмек қымбаттайды ©Нұрғиса Елеубеков

Денсаулық сақтау министрлігі дәріханаларға дәрі-дәрмек бағасын бірден 100 пайызға, тіпті одан да жоғары көтеруге рұқсат берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы бағаны тұрақты ұстау меморандумын зерттеген "Астана" телеарнасының журналистері айтқан болатын. Медициналық препараттардың ішінде меморандум бойынша 210 дәрі-дәрмектің бағасы шарықтамақ. Мысалы, көтерме қоймада 1200 теңге тұратын "Хилак Форте" дәріханада 2 500 теңге, меморандумға сәйкес көтерме бағасы 13 теңге тұратын парацетамол дәріханаларда 28 теңге, ең қарапайым оксалин жақпасының көтерме бағасы 78 теңге болса, меморандум бойынша 400 теңге болмақ, – деп көрсетті телеарна. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ШҚО бойынша фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитеті департаменті меморандум жасалған кезде Қазақстан бойынша дәрі-дәрмектің орташа бағасы алынатынын айтып, түсініктеме жасады. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банк теңгені бұрынғы курсымен ұстап тұруды бақылаудан бас тартқан болатын. Сондықтан көптеген дүкендер мен кәсіпкерлер таураларының бағасын қайта қарастырды. Кейіннен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов дәрі-дәрмектің бағасын көтерген дәріханаларды министрлік бақылауға алатынын айтты. "Біз дәріні қымбаттатқан дәріханаларға шара қолданамыз. Өйткені біз әрбір дәрінің бағасын білеміз. Дәріханалар дәрі-дәрмек бағасын көтеру үшін оған негіз болу керек.Бағаны көтеру себебін нақты түсіндіре алмаған дәріханалармен тиісті органдар айналысады" деді Байжүнісов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети