Дәрігер асқазан ауруларының алдын алатын 7 өнімді атады

Дәрігер асқазан ауруларының алдын алатын 7 өнімді атады © pixabay.com

Диетолог дәрігер Елена Соломатина "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алатын өнімдерді атады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Диетолог дәрігер Елена Соломатина "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алатын өнімдерді атады. 

Дәрігердің сөзінше, ол өнімдер тек адам ағзасына оң әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар, қуатты антиоксиданттар көптеген қауіпті аурудың алдын алады. 

Бірінші орында - зімбір. Маман зімбірді тамырымен не құрғақ күйінде, ұнтақталған және қант қосылған күйінде қолдану пайдалы екенін айтты. Өсімдіктіктің бұл түрі ертеден көптеген ауруды емдеуге қолданылып келген. 

Тағы бір пайдалы өсімдік - гүлшетен. Оның иісі тәбетті ашып, ас қорытуды жақсартады. Гүлшетенді көбіне тәбеті жоғалып кеткен және бірден көп салмақ тастаған адамдарға берген дұрыс. Сонымен қатар, өсімдіктің бұл түрін қара шайға қосып ішуге болады. Бұл асқазанды тыныштандырады. 

Дәрігер қатерлі ісіктің алдын алатын куркуманы да көп қолдануға кеңес берді. Куркума - зімбір тұқымдас көпжылдық шөп өсімдіктерінің түрі. Маман пайдалы өнімдер қатарына чили ащы қызыл бұрышын, сарымсақ, жалбыз бұрышын және түймедақты жатқызды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети