ДДСҰ Африкада қант диабетінен қайтыс болғандар саны артып кеткеніне алаңдап отыр

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкада науқастар арасында қант диабетінен өлім-жітім саны артқанына алаңдаушылық білдіріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкада науқастар арасында қант диабетінен өлім-жітім саны артқанына алаңдаушылық білдіріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африканың 13 елінің деректерін алдын ала талдап, қант диабетімен ауыратындар арасындағы өлім деңгейі жалпы COVID-19-бен ауыратын науқастардың 2,5 пайызымен салыстырғанда 10,2 пайыз болатынын көрсетті. Сондықтан ұйым қант диабетімен ауыратындардың коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін атап өтті.

"COVID-19 нақты белгі береді: Африкадағы қант диабеті эпидемиясымен күресу қазіргі пандемиямен күресу сияқты маңызды", - деді ДДСҰ-ның Африка бойынша аймақтық директоры Матшидисо Моэти.

Халықаралық диабет федерациясының мәліметі бойынша, Африкада қант диабетімен ауыратын 24 миллионға жуық адам бар. Бұл аурудан зардап шеккен африкалықтардың саны 2045 жылға қарай 55 миллионға дейін жетеді деп болжанып отыр.

ДДСҰ Африкада диагноз қойылмаған қант диабетінің көптігі ерекше алаңдаушылық тудыратынын ескертті. Диабетпен ауыратындардың шамамен 70 пайызы бұл аурудың бар-жоғын білмейді.

"Қазір жаңа жағдайлардың алдын алу үшін әрекет етуіміз керек, осы аурумен ауыратын адамдарға екпе салуымыз керек, ең бастысы, миллиондаған африкалықтарды анықтап, қолдау көрсетуіміз керек, олар әлі бұдан қаншалықты зардап шегетінін білмейді", - деді Моети.

Дүниежүзіндегі қант диабеті жағдайларының 90 пайызға жуығы, Африкадағы басым көпшілігі - 2-қант диабеті, өйткені әлем елдерінде дұрыс тамақтанбау, қозғалыссыз өмір салты дендеп еніп кеткен. COVID-19 пандемиясы бүкіл Африкада қант диабетін емдеу жоспарларына айтарлықтай әсер етті.

ДДСҰ талдауы үшін Буркина-Фасо, Чад, Конго, Эсватини, Гвинея, Намибия, Нигер, Руанда, Сенегал, Сейшель аралдары, Сан-Томе,  Принсипи және Уганда секілді елдер мәлімет берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro