ДДСҰ басшысы пандемияның өте қауіпті кезеңі басталғанын мәлімдеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

Коронавирус пандемиясының өте қауіпті кезеңі басталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус пандемиясының өте қауіпті кезеңі басталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, қазір вируспен күресуге арналған құралдары бар, яғни ең алдымен вакциналары быр мемлекеттер, шектеулерді жеңілдетіп жатыр.

"Осы уақытта тиімді құралдары жоқ елдер ауруханаға түсу жағдайлары мен өлім толқынына тап болды. Жағдайды вирустың жаңа штамдары күрделендіріп отыр", - деді ДДСҰ басшысы.

Гебрейесустың пікірінше, мұндай жағдайдан шығудың жалғыз жолы - елдер арасында тест, вакцина, дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын тең бөлу. 

"Бұл зымыран құрастыру да, қайырымдылық та емес. Бұл жалпыға ортақ мүддеге жауап беретін қоғамдық денсаулықты саналы сақтау", - деп қосты ол.

Ұйым басшысы жағдай жақсаратынына үміт бар екенін айтты, атап айтқанда, бұл вакциналарды тарататын COVAX бағдарламасы. Ол елдерді осы бағытта күш-жігерді арттыруға шақырды.

COVAX - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянспен (GAVI) және Эпидемияға дайындық саласындағы инновациялар коалициясымен бірлесіп іске қосқан халықаралық механизм, ол өндіріс орындарын құруды және сатып алуды қолдайды.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, табысы жоғары елдер вакциналарды сатып алады, осылайша қаржыландырылатын мемлекеттерді субсидиялайды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемде 184 миллионға жуық коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген, төрт миллионға жуық науқас қайтыс болған. Соңғы тәулікте инфекция жұқтырғандар саны 326 мыңға, өлім саны 6 347-ге артты.

Бұған дейін ДДСҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан әлемде коронавирустың таралуы тұрақталды деп мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro