ДДСҰ COVID-19-ға қарсы вакцинация әлі басталмаған елдерді атады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДСҰ COVID-19-ға қарсы вакцинация әлі басталмаған елдерді атады elements.envato.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакцинация әлі басталмаған елдерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакцинация әлі басталмаған елдерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.

Ұйымның мәліметінше, коронавирусқа қарсы вакцинация әлемнің үш елінде - Бурунди, Эритрея және Солтүстік Кореяда әлі басталмаған.

Сонымен қатар, ДДСҰ 56 ел қыркүйектің соңына дейін халқының 10 пайызына да вакцина сала алмағанын атап өтті, оның басым бөлігі Африкада. Себебі әлем елдерінің жартысына жуығында вакцинацияның шектеулі ұсыныстары, егу бағдарламасы бар, бірақ межеге жету үшін вакцина қоры жеткіліксіз.

©REUTERS

Осы жағдайды ескеріп, ДДСҰ вакцинамен қамтамасыз ететін елдер мен компанияларға COVAX және AVATAR жеткізіліміне басымдық берді.

©REUTERS

Бұған дейін ДДСҰ вакциналардың жетіспейтініне шағымданған, соның салдарынан кедей елдерге дәрі-дәрмек жеткізу тоқтатылды. ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейюс коронавирусқа қарсы вакцинаны таратудағы сәйкессіздік "жаһандық апатқа" алып келетінін айтып, күзде жаңа пандемияға дайындық бастауға шақырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети