ДДСҰ дельта штамымен күресуге әлемдік қауымдастықтан қомақты қаражат сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДСҰ дельта штамымен күресуге әлемдік қауымдастықтан қомақты қаражат сұрады Иллюстрациялық фото: Тengrinews

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдік қауымдастықтан коронавирустың қауіпті нұсқаларының, атап айтқанда дельта штамының таралуына қарсы күреске 7,7 миллиард доллар сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мockva.ru сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдік қауымдастықтан коронавирустың қауіпті нұсқаларының, атап айтқанда дельта штамының таралуына қарсы күреске 7,7 миллиард доллар сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мockva.ru сайтына сілтеме жасап. 

Ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебрейесустың айтуынша, қазір бұл қаражатты таппаса және дельта штамының ең осал елдерде таралуын тоқтатпаса, әлемдік қауымдастық бәрібір келесі жылы "төлеуге" мәжбүр болады.

Соманың бір бөлігі - 2,4 миллиард доллар - халқының табысы төмен және орташа елдерде тестілеуді жақсартуға жұмсалмақ. Медицина қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін 1,7 миллиард қажет, коронавирустың ауыр түрлерін емдеу үшін ауруханаларды оттегімен қамтамасыз етуге тағы 1,2 миллиард жұмсалады.

ДДСҰ басшысы әлем пандемияның өткір кезеңінде екенін атап өтті. Жаңа штамдардан қауіп те бар. Қазіргі уақытта әлемде "альфа", "бета", "гамма" және "дельта" штамдары басым, бірақ басқа да қауіпті мутациялардың пайда болуы мүмкін. Ұйымның болжамы бойынша, вирустың таралу қарқыны қазіргідей болса, 2022 жылдың қаңтарында SARS-CoV-2 жұқтырғандардың саны 300 миллионнан асуы мүмкін.

Бұған дейін ДДСҰ коронавирустың шығу тегін зерттеу үшін жаңа топ құратыны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети