ДДСҰ коронавирус нақты қайдан шыққанын анықтай алмады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың шығу тегін анықтау үшін Қытайдағы Уханға сапарының нәтижелері жазылған баяндама жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың шығу тегін анықтау үшін Қытайдағы Уханға сапарының нәтижелері жазылған баяндама жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зерттеу есебіне комиссия мүшелері деректерді қалай және қайда жинағаны, вирустың пайда болу нұсқалары, ықтималдылық дәрежесі бойынша қандай негізде сараланғаны және қай бағытта зертеу жүргізгендері туралы айтты. Баяндама ұйымның сайтында жарияланды.

SARS-CoV-2-нің қайда және қашан пайда болғанын дәл анықтау мүмкін болмады. Сондай-ақ, COVID-19-дың Ухань базарымен байланысын да дәлелдеу мүмкін емес.

ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Ухань теңіз өнімдері базарынан тыс және тіпті Қытайдан тыс жерде алғаш рет коронавирус жұқтырған науқастарды іздеу жалғасатынын айтты. ДДСҰ мамандары коронавирустың шығу тегі Қытай екенін нақты айта алмайды. Өз кезегінде Қытай билігі ДДСҰ сарапшыларының баяндаманы жариялағаннан кейінгі кәсібилігін жоғары бағалады.

Айта кетейік, 2019 жылғы желтоқсанның соңында Қытайдың Ухань қаласында алғашқы науқас тіркелді. Содан кейін вирус басқа елдерде тарала бастады. 2020 жылдың 11 наурызында ДДСҰ әлемдегі коронавирустың таралуын пандемия деп сипаттады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылар тобы COVID-19 коронавирусының шығу тегі туралы біліп, инфекция ошағына барды. Сапар барысында мамандар Ухань нарығына қатысты "маңызды дәлелдерді" анықтап, адамдарға COVID-19-дың келуі туралы төрт нұсқаны мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.91  course down  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro