Майлы тағамдар қазақстандықтардың басты жауы. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілі Мелита Вуйнович айтты, - деп жазады "Экспресс-К".
Майлы тағамдар қазақстандықтардың басты жауы. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілі Мелита Вуйнович айтты, - деп жазады "Экспресс-К".
Оның айтуынша, жоғары калориялы тағамдарды тұтынудың кесірінен республиканың 86 пайыз тұрғыны жүрек-тамыр ауруларына шалдыққан. Вуйнович халыққа диетаға отырып, көп қозғалуға кеңес берді.
"Майды құрту керек, басқа амал жоқ. Финляндияда кардиологтар жұмыссыз отыр, себебі онда май бағасын қымбаттатып, рациондардан майларды алып тастаған", - деді ДДСҰ өкілі.
Басылымның хабарлауына, 60-жылдардың соңында Финляндия Еуропа бойынша жүрек ауруларынан өлетін адамдар саны бойынша бірінші орында болған. Ғалымдар халықтың алкогольді ішімдік пен майлы тағамдарды тұтынуынан, дұрыс тамақтанбағандықтан өліп жатқанын анықтады. Олар әйелдерге өсімдік майын пайдаланып, жеміс-жидекті көп жеуге кеңес берді. Нәтижесінде, 25 жылда Финляндияда жүрек ауруымен ауыратындар саны 3,5 есеге қысқарды.
Мелита Вуйнович қазақ тағамдарын қатты жақсы көретінін айтты. Оның айтуынша, Қазақстанда болған 4 жыл ішінде ол артық салмақ қосқан.