ДДҰ COVID-19 жұқтырғандарда вирус қанша уақыт жұқпалы болатынын анықтады

©elements.envato.com

COVID-19 жұқтырғаннан кейін бірнеше апта бойы ПТР оң нәтиже көрсете береді. Алайда, бұл оның жұқпалы екенін білдірмейді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Российская газета" басылымына сілтеме жасап.

"Жұқпалы болу үшін тірі вирус тарату керек. Алдын ала жүргізілген зерттеулерге сәйкес, науқастардың көпшілігі ауру белгілері пайда болғаннан кейін 8-9 күннен өткен соң ғана жұқпалы болады. Дегенмен, ауыр науқастарда жұқпалы кезең ұзағырақ болуы мүмкін", - деп түсіндірді Мелита Вуйнович.

ДДҰ ұсынған 14 күндік оқшаулау кезеңі қолда бар ақпараттарға негізделген. Қазіргі мәліметтерге сүйенсек, орташа инкубациялық кезең - 5-6 күн, жоғарғы шегі - 14 күн. Бұл карантин уақытын нақтылауға негіз болады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2011-2017 жылдары Мелита Вуйнович ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама