ДДҰ Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны неге көбейіп жатқанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДҰ Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны неге көбейіп жатқанын түсіндірді ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Ханс Клюге Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны неге көбейіп жатқанын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Ханс Клюге Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны неге көбейіп жатқанын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

Ханс Клюгенің айтуынша, коронавирус жұқтырғандардың саны көбеюіне инфекцияны зертханалық жолмен анықтау әдісінің өзгеруі себеп болып жатыр.

"Кей ел, мысалы, Әзірбайжан мен Қазақстан соңғы бірнеше апта инфекцияны анықтау жолын қайта қарап, енді қазіргі уақытта өздерінің эпидемиялық бақылау жүйесі бойынша анықтап жатыр", - деді Ханс Клюге.

Сондай-ақ, Клюге эпидемияның екінші толқынынан қашып құтылу мүмкін емес екенін айтты. Ең бастысы, оның айтуынша, карантинді кезең-кезеңімен ақырындап жеңілдету.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 12 312-ге жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети