ДДҰ коронавирусқа байланысты маңызды мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДҰ коронавирусқа байланысты маңызды мәлімдеме жасады Фото: elements.envato.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жеті аптада алғаш рет коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жеті аптада алғаш рет коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

"Алғаш рет жеті аптада коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін байқап отырмыз. Алты өңірдің төртеуінде науқастар саны көбейді", - деді ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Ұйым басшысы жұқтырғандар саны өсуі "таңғаларлық емес" екенін және елдерді коронавирусқа қарсы шараларды жеңілдетпеуге шақырды. Оның айтуынша, вакцинацияға сеніп, шектеулерді алып тастау дұрыс емес.  

"Егер елдер тек вакцинацияға сүйенсе, олар қателеседі. Қоғамдық денсаулық сақтауға қатысты базалық шаралар ең жауапты шараның бірі болып қала бермек", - деді ұйым басшысы. 

ДДҰ қандай жағдайда маска тағу керегін түсіндірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети