26 мамыр 2020 | 09:02

ДДҰ коронавирустың екінші толқынына қатысты мәлімдеме жасады

© Тұрар Қазанғапов

Қазіргі таңда әлем халқы коронавирустың бірінші толқынының ортасына енді келді. Енді вирустың екінші толқыны мен осы толқын жаппай тарайды деген қауіп бар. Бұл туралы ДДҰ Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бағдарламалар директоры Майкл Райан айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазіргі таңда әлем халқы коронавирустың бірінші толқынының ортасына енді келді. Енді вирустың екінші толқыны мен осы толқын жаппай тарайды деген қауіп бар. Бұл туралы ДДҰ Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бағдарламалар директоры Майкл Райан айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Қазір коронавирустың екінші толқыны жүріп жатқан жоқ, біз алғашқы толқынның ортасында ғанамыз. Дәл қазір әр елдегі науқастардың саны көп емес. (...) Жаһандық деңгейде айтатын болсақ, COVID-19 бірінші толқыны әлі аяқталған жоқ. Біз дерттің кез келген сәтте асқынып тарап кетуін есте сақтауымыз керек. Қазір қандай да бір қорытындыға келе алмаймыз, қазір науқастар саны азайып жатқанда, біз бірнеше ай екінші толқынға дайындалуымыз керек", - деді Майкл Райан.

Реклама
Реклама

Дүние жүзінде коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін - ДДҰ

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8531-ге жетті, 4515 адам вирустан айығып, 35 адам қайтыс болды. Ал әлем бойынша науқастардың саны 5,2 миллионнан асты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная