Дүние жүзінде коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін - ДДҰ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Коронавирус пандемиясының қаупі әлі де бәсеңдеген жоқ, COVID-19-дың екінші толқыны болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус пандемиясының қаупі әлі де бәсеңдеген жоқ, COVID-19-дың екінші толқыны болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресей Федерациясындағы өкілі Мелита Вуйнович айтты. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы әлемнің түкпіріне жетпей оны тоқтату мүмкін емес. Вирус барлық елде бар. Маман тек инфекцияның адамнан адамға тарау деңгейін азайтуға болады. Ол эпидемияға қарсы қабылданатын шараларға байланысты. 

ДДҰ өкілі инфекция қайтадан тарайтын кезде қабылданатын шараларды қарастыру керегін айтады. Маман науқастарды, олармен байланыста болғандарды тез анықтап, емдеу шарасын қабылдап, оқшауланған адамдарды бақылауда ұстау керек екенін атап өтті. Осындай шаралар қалыпты өмірге тезірек келуге ықпалын тигізеді. Мелита Вуйнович шектеу шаралары вакцина пайда болғанға дейін алынбайтынын айтты. 

Сарапшының сөзінше, коронавирустың бірінші толқыны болған елдерде екінші толқын да болуы мүмкін. Жергілікті халық инфекцияның қауіпті екенін түсініп, сақтық шарасын сақтау керек.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда коронавирусты пандемия деп жариялады. ДДҰ мәліметінше, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 4,9 миллионға жетті, 328 мыңға жуық адам қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer