ДДҰ өкілдері коронавирусты ауыр өткергендерге арналған ұсыныстарын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДҰ өкілдері коронавирусты ауыр өткергендерге арналған ұсыныстарын жариялады © Тұрар Қазанғапов

ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросы коронавирусты ауыр өткергендерге арналған ұсыныстарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросы коронавирусты ауыр өткергендерге арналған ұсыныстарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брошюрада (өту үшін басыңыз - авт.) базалық реабилитациялық физикалық жаттығулар тізімі мен аурудан айыққаннан кейін өздігінен қалпына келуге арналған ұсыныстар қамтылған. Брошюра сипаттамасында дәрігер науқасқа қажет жаттығуларды таңдап бере алатыны жазылған. 

Кітапшада реабилитацияға арналған келесі ақпараттар жазылған:

- ентігу;
- ауруханадан шыққаннан кейін физикалық жаттығулар;
- дауыс функциясының бұзылуымен байланысты мәселелерді шешу;
- тамақ пен сұйықтықты жұтқанда бұзылған функцияларды қалпына келтіру;
- есте сақтау, ойлау және назар салудың бұзылуына байланысты проблеманы шешу;
- күнделікті функцияларды орындау;
- стрестің салдарын және көңіл-күйдің бұзылуымен байланысты проблемаларды шешу. 

Ұйым өкілдері брошюрадағы ұсыныстар жеке бағдарламаны алмастырмайтынын айтты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети