Денесін қабыршық басқан бала Израильге емделуге барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денесін қабыршық басқан бала Израильге емделуге барады Жасұлан Қорғанбек. "Жетінші арна" кадры

Ихтиоз ауруының ең қауіпті түріне шалдыққан 5 жасар Жасұлан Қорғанбек Израильге емделуге барады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жетінші арнаға" сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ихтиоз ауруының ең қауіпті түріне шалдыққан 5 жасар Жасұлан Қорғанбек Израильге емделуге барады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жетінші арнаға" сілтеме жасай отырып. 

Қайырымды қазақстандықтар баланың емделуіне қажетті қаржыны жинап берген. Науқас баланың ата-анасының айтуынша барлық жиналған қаржы 7 миллионға жетті. Жасұлан шетелген он күннен кейін аттанбақ. 

"Мен өз балама денсаулық тілеймін. Перзентімнің басқа балалар секілді балалық шағын алаңсыз өткізсе екен деймін. Бізге көмек көрсеткен халыққа алғысым шексіз", – дейді сәбидің анасы Ұлбибі Ықыласова.

Жақында баланың туған жері Қызылорда қаласында облыстық филармония әртістері балаға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық концертін өткізді. Коцертке келген адамдар тек билет қана алып қоймай арнайы қойылған жәшікке шама-шарқынша ақша тастады. Қайырымдылық концертте 400 мың теңге жиналған. 

Бірнеше күн бұрын Жасұлан Алматы қаласындағы ауруханадан шықты. Ол ауруханада бір ай емдеу курсын алған болатын. Дәрігерлер баланың жағдайы жақсарғанын айтады. Оның денесіндегі қатты қабыршықтар жоғала бастаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети