24 маусым 2014 | 12:11

Денсаулық министрі халықты кінәлауын қашан қояды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Дәрігерлердің пара алатыны жайлы бұған дейін де бұқаралық ақпарат құралдарында талай айтылды да, жазылды да. Әйтсе бұл келеңсіздік тыйылар емес. Керісінше, құқық қорғау органы қызметкерлерінің құрығына іліккендер саны да жыл сайын артып келеді. Астанада өткен қоғамдық кеңес барысында халық қалаулылары денсаулық сақтау саласы мамандарының қолымен жасалған қылмыс саны 2012 жылы 56 болса, 2013 жылы 94-ке жеткенін тілге тиек етті. Денсаулық саласындағы жемқорлық жайлы бүгін «Алаш айнасы» тағы да сөз қозғамақ.


Иконка комментария блок соц сети

Дәрігерлердің пара алатыны жайлы бұған дейін де бұқаралық ақпарат құралдарында талай айтылды да, жазылды да. Әйтсе бұл келеңсіздік тыйылар емес. Керісінше, құқық қорғау органы қызметкерлерінің құрығына іліккендер саны да жыл сайын артып келеді. Астанада өткен қоғамдық кеңес барысында халық қалаулылары денсаулық сақтау саласы мамандарының қолымен жасалған қылмыс саны 2012 жылы 56 болса, 2013 жылы 94-ке жеткенін тілге тиек етті. Денсаулық саласындағы жемқорлық жайлы бүгін «Алаш айнасы» тағы да сөз қозғамақ.

Гиппократқа берген антынан тайып, жемқорлыққа бой алдырған медицина қызметкерлері туралы бейнематериалдарды көрген Қоғамдық кеңеске жиналған депутаттар таң қалысты. Айта кетерлігі, өткен жылы денсаулық сақтау саласының 7 қызметкері сотталған. Олар мемлекетке 35 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Ал ағымдағы жылы 9 ақ қалатты абзал жандарға қатысты 15 қылмыстық іс қозғаған.

Қоғамдық кеңесте Республиканың он облысында дәрігерлердің пара алу жағдайы өршіп тұрғаны сөз болды. Саладағы мұндай жүгенсіздіктің мән жайын білмек болған депутаттар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына шүйлікті. Алайда, «даурығуға себеп жоқ» деген министр ханым дәрігерлердің антына адал екенін айтып ақталды. Оның айтуынша, дәрігерлерді пара алуға итермелейтін қарапайым халықтың өзі екен. Шамасы министр ханым қарапайым халық ай сайын алып отырған 70-80 мың айлығын қайда сыйдырарын білмей дәрігерлерге сыйақы ретінде ұсынып жүр деп ойласа керек. Әлде, кей дәрігерлердің ақша алмаса саусағын қимылдатпайтынынан, әртүрлі құйтырқы әрекетпен пара беруге мәжбірлейтінінен министрдің хабары жоқ па екен?! Жоқ әлде, министрдің бұл әрекеті қарға-қарғаның көзіні шұқымайдының кері ме? Не болса да, әйтеуір министр ханым қарапайым халықты кінәлауды қояр емес.

Естеріңізде болса, бұған дейін еліміздің бас дәрігері халықты «денсаулығына салақ қарайды, салауатты өмір салтын сақтамайды, дұрыс тамақтануды да білмейді» деп кінәлаған болатын. Оның артынша, «біздің халық болмышы нәрсеге бола ауруханаға барып жатып алады, енді стационарды қысқарту керек, ерікпей емді емханадан алсын» деген еді.

Министр ханымның қарапайым хылыққа жасап жатқан «жақсылығы» онымен біткен жоқ. Бұған дейін, Елордада Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте министрі Салидат Қайырбекова шет елге барып емделушілердің қатары азайғаны туралы жаңалығын жария еткен еді. Еліміздің бас дәрігерінің айтуынша, денсаулық министрлігі осылай бюджет қаржысын үнемдеп отырған көрінеді (ал баласын шет елге апарып емдетуге мәжбір болған қарапайым халық көпшіліктен жылу жинап жүр). Министрдің сөзіне қарағанда, қарапайым хылық мемлекет қаржысын шашушы да, министрлік үнемдеуші сияқты.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети