Кезінде түсініксіз етіп жазатындарды дәрігерсің бе деп мұқататын еді. Бүгінге дейін дәрігерлердің түсініксіз жазуынан құтыла алмағанымыз рас. Жазып берген диагнозы таңбалы тастағыдай тым түсініксіз. Тіпті қытай жазуынан да күрделі ме деп қаласыз. Расында бүгінде еліміздегі ауруханалар мен емханалар түгелдей компьютерлендірілген жоқ. Ауру тарихын қолмен жазады. Жазғаны құрысын. Ешкім түсінбеген соң. Тіпті дәріге жазып берген нұсқаулықтарын дәріханашы әріптестері де түсінбей жатады. Былтыр Шымкентке Латвиядан дәрігерлер келген болатын. Озық тәжірибелерін үйрету үшін. Бұрынғы одақ көлеміндегі елдердің ішінде медицинасы оқ бойы озық тұрған латыштар күліп кетті сонда. Қолмен жазу қалмапты ғой деп. Күлмей қайтсін біздегі дәрігерлер науқасты қарағанынан гөрі жазатын жазуы көп. Емханаға барсаң бір науқасты бір сағат қарайды. Онда да түсінікті тілмен жазса қанекей. "Алаш айнасы" осы мәселе төңірегінде ой қозғайды.

Жуырда Омскінің облыстық соты Тевриз аудандық ауруханасына 100 мың рубль айыппұл салды. Оларға қойылған айып құжатты дұрыс толтырмағандығында болып тұр. Яғни түсініксіз жазуға бола айыппұл салған(!). Оларды әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берді деп айыптаған. «Науқастың ауру тарихы мен амбулаторлық карта заңдық құжат болып табылады, сондықтан оны дұрыс әрі сауатты толтыру керек» дейді облыстық соттың өкілдері. Ал біздің азаматтар өз құқықтарына немқұрайлы қарамайтын болса осындай арыздар қарша борауы анық енді. Онда дәрігерлердің 85 пайызы сотқа тартылуы сөзсіз. Жұрттың бәрі түсініксіз жазуды «тәржімалап» отыратын транскрибер емес қой... Хош, сонымен... Жаңалық ашудан жалықпайтын денсаулық сақтау министрлігі жуырда тағы да бір «сенсацияның» құлағын қылқитты. Сірә, түрен түспеген «тың» сияқты.
Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.