08 қазан 2014 | 15:59

Депутаттың немересі ауырмағанда денсаулық саласының олқылығы ашылмайтын ба еді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлжан Қарақұсова ©Мансұр Хамит (фото) Гүлжан Қарақұсова ©Мансұр Хамит (фото)

Апта басында Мәжілісте үшжылдық бюджет жобасын талқылау барысында депутат Гүлжан Қарағұсова отандық медицина саласын біршама сынға алған еді. Оның айтуынша, бюджеттің қыруар қаражатына сарп етіп сатып алынған қымбат техниканы білетін маман тапшы. Сөйтіп, қазына қаражатына алынған құрылғылар қаңтарылып бос тұр. Ал мұның тілін түсінетін маман келгенше, әлгі заманауи жабдықтың да заманы өтіп, тозыққа айналуы бек мүмкін. Шынымен де, ондай проблема бар. Бір қызығы, Қарағұсова ханым әлгіндей проблеманы тек туған немересін қымбат бір медициналық тексерістен өткізгеннен кейін ғана білгенін айтады. Ал депутаттың немересі ауырмаса, ол бұл мәселені көтермейтін бе еді?

Иконка комментария блок соц сети

«Жақында менің немерем аурып қалды. Сонда біз өте қымбат бір сараптамадан (медициналық тексеріс – авт.) өттік. Бәрі біткеннен кейін мен сұрадым: «Енді, осыны оқып беретін адам бар ма?». Алайда бізде сол аппарат көрсеткен нәрсені оқып, ары қарай не істеу керек екенін түсіндіріп беретін адам табылмады. Ал ауылды жерде оның барлығы (қымбат құрылғылар – авт.) жай тұр, оны ашуға да қорқады. Онда біз ақшаны не үшін жұмсап жатырмыз?», - дейді Қарағұсова ханым. Еліміздегі медициналық қызметтің сапасын өз басымен көрген депутаттың ашуланғаны сонша, ол денсаулық сақтау саласындағы бір бағдарламаның тоғыз жылдан бері тәжірибе аясынан шықпай табандап жатқанын жайып салды. Осы уақытқа дейін аталған бағдарлама миллиардтаған қаражатты жұтыпты, алайда нәтиже – «0». «Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін құру бағдарламасы 2005 жылдан бері ілкі (пилотный – орыс.) жоба ретінде іске асырылып келеді. Оған бюджеттің 14,5 миллиард теңгесі жұмсалды. Айналайындар-ау, оны қашанға дейін сынақтан өткізуге болады? Осы салаға қыруар қаражаттың бөлініп жатқанына қарамастан, медициналық қызметтің сапасы сын көтермейді. Шенеуніктер сан алуан медқұрылғыларды сатып алған кезде бюджет ақшасын тиімсіз игеріп жүр. Соңғы уақытта қаржының басым бөлігі сол қымбат құрылғыларға жұмсалды. Басты мақсат – денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру. Ал оның түпкі міндеті не? Ол - алдын алу шаралары арқасында сан алуан ауруларды анықтап, халықтың денсаулығын жақсарту. Шын мәнінде қалай болды? Стационарда тек қатты ауырып қалған адам ғана емделеді. Аппендицит па? Таңдай бездері ме? Оның бәрін кесіп тастаймыз да, болды. Боссың, Вася!», - деп ағынан жарылды халық қалаулысы.

Осы орайда заңды бір сұрақ туындайды. Депутаттың немересі ауырмағанда, ол бұл мәселені көтеретін бе еді? Бәлкім...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети