Диетолог көңіл-күйді түсіретін тағамдарды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Диетолог көңіл-күйді түсіретін тағамдарды атады Фото: pexels.com

Диетолог Елена Соломатина көңіл-күйді түсіретін тағамдарды атады. Бұл туралы ол "Говорит Москва" радиостанциясына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. 


Оның айтуынша, адамның көңіл-күйіне қант әсер етуі мүмкін.

"Қант көп болғаннан кейін инсулин де көп бөлінеді. Қандағы глюкоза деңгейі тез төмендейді. Салдарынан адам ашуланшақ болады. Ол барлығын жек көруі мүмкін. Ашуланшақ, көңіл-күйі жоқ адамның ағзасында қанттың деңгейі кенеттен өзеріп отыратынын байқауға болады", - дейді Елена Соломатина.

Диетолог мұндай өзгерісті кәмпитті, кондитерлік өнімдерді, жоғары сұрыпты ұннан жасалған өнімдерді жиі тұтынатын адамдардан байқауға болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, ол көңіл-күйді түсіретін тағамдардың құрамында транс майлар болатынын жеткізді.

"Печенье, тәтті нан (пирожный),  тіпті нан, маргарин де көңіл-күйді түсіруі ықтимал. Себебі, олар жасуша мембранасы мен жүйке талшықтарын зақымдайды", - дейді маман.

Елена Соломатина энергетикалық сусындардан бас тартып, кофе ішуге кеңес берді. Ол энергетикалық сусындар адамға ұзақ әсер етпейтінін, әрі оны ішкен адам көңіл-күйі кенеттен түсіп, ұйқысы келуі мүмкін екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +19
Ақтау +26
Ақтөбе +24
Атырау +29
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +21
П
Павлодар +20
Петропавл +20
С
Семей +21
Т
Талдықорған +20
Тараз +25
Түркістан +27
О
Орал +18
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер