ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қараша 2020 | 10:16
Диетолог көңіл-күйді түсіретін тағамдарды атады
Диетолог Елена Соломатина көңіл-күйді түсіретін тағамдарды атады. Бұл туралы ол "Говорит Москва" радиостанциясына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Диетолог Елена Соломатина көңіл-күйді түсіретін тағамдарды атады. Бұл туралы ол "Говорит Москва" радиостанциясына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, адамның көңіл-күйіне қант әсер етуі мүмкін.
"Қант көп болғаннан кейін инсулин де көп бөлінеді. Қандағы глюкоза деңгейі тез төмендейді. Салдарынан адам ашуланшақ болады. Ол барлығын жек көруі мүмкін. Ашуланшақ, көңіл-күйі жоқ адамның ағзасында қанттың деңгейі кенеттен өзеріп отыратынын байқауға болады", - дейді Елена Соломатина.
Диетолог мұндай өзгерісті кәмпитті, кондитерлік өнімдерді, жоғары сұрыпты ұннан жасалған өнімдерді жиі тұтынатын адамдардан байқауға болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, ол көңіл-күйді түсіретін тағамдардың құрамында транс майлар болатынын жеткізді.
"Печенье, тәтті нан (пирожный), тіпті нан, маргарин де көңіл-күйді түсіруі ықтимал. Себебі, олар жасуша мембранасы мен жүйке талшықтарын зақымдайды", - дейді маман.
Елена Соломатина энергетикалық сусындардан бас тартып, кофе ішуге кеңес берді. Ол энергетикалық сусындар адамға ұзақ әсер етпейтінін, әрі оны ішкен адам көңіл-күйі кенеттен түсіп, ұйқысы келуі мүмкін екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также