Диетологтар постковид синдромы кезінде қандай тамақтан бас тарту керегін айтты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Постковид синдромы кезінде тамақ рационында қабыну тудыратын тағамдар болмау керек. Бұл туралы Самара диетотерапия және диетология ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы гастроэнтеролог, терапевт Никита Харлов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.RU сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Постковид синдромы кезінде тамақ рационында қабыну тудыратын тағамдар болмау керек. Бұл туралы Самара диетотерапия және диетология ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы гастроэнтеролог, терапевт Никита Харлов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.RU сайтына сілтеме жасап.

"Постковид синдромы - ағза қабыну белсенділігінің жоғарылауы. Гипертония, атеросклероз, қатерлі ісік және дәнекер тіндердің қабынуы секілді жас ерекшелігіне байланысты пайда болатын ауруларда қабынуға қарсы диета тиімді", - деп түсіндірді Самара диетология және диетотерапия ғылыми-зерттеу институтының директоры Михаил Гинзбург.

Дәрігер постковид синдромы кезінде бас тарту керек өнімдер тізімін айтты.

"Мүмкіндігінше, қант пен жоғары гликемиялық индексі бар тағамдарды, яғни еленген ұн, картоп, күріштен жасалған өнімдерді алып тастау қажет. Сондай-ақ, пальма, күнбағыс, жүгері, соя майы, маргарин, қызыл ет және одан жасалған өнімдер, шұжықтар, ұсақ шұжықтар, терең өңделген өнімдерді тұтынбау керек", - деді Гинзбург.

Диетологтың айтуынша, май қышқылдарына бай тағамдарды ас мәзіріне қосу қажет. "Омега-3" пен май қышқылдарына бай өнімдерге майлы теңіз балығы, зығыр және зәйтүн майы ("Омега-9") жатады.

"Тамақ рационына көкөністер, жидектер, шөптер, тым тәтті емес жемістер, қышқыл сүт тағамдары, қантсыз және күрделі көмірсуға бай - қарақұмық, сұлы, кебек нан қосылуы керек", - деді Гинзбург.

Никита Харловтың айтуынша, қабынуға қарсы диета жүйке жүйесін қалыпқа келтіруге көмектеседі.

"Постковид синдромы жүйке жүйесі деңгейінде пайда болады және жүйке жүйесін оңалтуға ден қойған дұрыс. Қанда бос көмірсулар аз болған сайын ми соғұрлым қорғаныс режиміне өтеді", - деп түсіндірді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro