12 қазан 2014 | 14:47

Эбола безгегінің таралуын үш айда тоқтатуға болады - БҰҰ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Африкадағы Эбола безгегінің таралуын үш айдың ішінде бақылауға алуға болады, деп хабарлайды BBC. Бұл жөнінде Эболамен күрес жөніндегі БҰҰ арнайы үйлестірушісі Давид Набарро мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Африкадағы Эбола безгегінің таралуын үш айдың ішінде бақылауға алуға болады, деп хабарлайды BBC. Бұл жөнінде Эболамен күрес жөніндегі БҰҰ арнайы үйлестірушісі Давид Набарро мәлімдеді.

Сарапшының сөздері бойынша, ол вирус жұққан жаңа жағдайлардың азая бастауына қол жеткізуге болатындығын айтып отырған көрінеді. Набарро қазіргі жағдай керісінше деп есептейді – ауруға шалдыққандар саны геометриялық прогрессиямен өсуде. Оның пікірінше, індеттің алдын алудың ең дұрыс жолы – ауру жұқтырғандарды оқшаулау.

БҰҰ сарапшысы Эбола безгегін жұқтырып алғандар саны "адам шошырлықтай" екендігін айтып отыр. Өйткені дәл қазір безгектің таралуы үдей түсіп, төрт мыңнан астам адам көз жұмған, олардың көбісі Батыс Африка тұрғындары екен.

Бұған дейін Ресей ғалымдарының Эбола безгегіне қарсы үш вакцина дайындап жатқандары және оны жарты жылдың ішінде ұсынуды жоспарлап отырғандары жарияланған. Олардің біреуі жақын арада клиникалық сынақтан өтеді. Мамандар вакцинаның біреуі тікелей вирустың қатерсіздендірілген штамынан жасалса, қалған екеуі генді-инженерлік вакциналар болып табылатындығын мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, ғалымдар моноколональды антиденелерге негізделген арнайы дәрі-дәрмектер жасаумен де айналысуда. Олар да Эбола безгегінің алдын алу және емдеу үшін қолданылатын болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети