Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қолданушылар COVID-19 антиденелерін анықтайтын жедел тест ПТР талдауын алмастырады деп айтылған видеоны бөлісіп жатыр. Бірақ бұл олай емес. StopFake.kz екі әдістің бір-бірінен айырмашылығы неде екенін және олардың бір-бірін алмастыра алмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қолданушылар COVID-19 антиденелерін анықтайтын жедел тест ПТР талдауын алмастырады деп айтылған видеоны бөлісіп жатыр. Бірақ бұл олай емес. StopFake.kz екі әдістің бір-бірінен айырмашылығы неде екенін және олардың бір-бірін алмастыра алмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеода әйел адам швейцариялық өндірушінің COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған жедел тестін көрсетіп, эмоционалды түрде түсініктеме береді.
"…Саусағыңызды тесіп, қан алады…. Міне, тест (коронавирусты анықтауға арналған) осындай", - дейді видеодағы әйел.
Автордың пікірінше, адамның індетті жұқтырғанын осы тест арқылы анықтауға болады, ол үшін тамақ пен мұрыннан жақпа алу міндетті емес.
ПТР әдісімен тестілеу үшін шырышты қабықтан алынған биоматериал қажет. Антиденелерге жедел тест жасау үшін саусақтан алынған капиллярлық қан қолданылады. Бұл әдістер бір-бірін алмастыра алмайды.
ПТР тестілеу (полимеразды тізбекті реакция) вирустың РНҚ оқшаулауға бағытталған, ол инфекцияны жұқтырғаннан кейін үш тәулік өткен соң шығарылады.
Ал автор бейнеде көрсетіп отырған осыған ұқсас жедел диагностикалық тесттер IgG және IgM антиденелерінің болуын анықтайды. Қазіргі кезде мұндай тесттерді танымал интернет-дүкендерден - әртүрлі өндірушіден және әртүрлі бағамен сатып алуға болады. Олар ланцеттен, тамызғыштан және қан тамызылатын тест кассетасынан тұрады. Нәтижені 10-15 минуттан кейін білуге болады.
"Алайда, жедел диагностика ауруды жұқтырудың бастапқы кезеңдерінде нәтиже бермейтінін есте сақтағанымыз жөн. IgM иммуноглобулині ағзада инфекцияға жауап ретінде өндіріле бастайды және өткір фазада анықталады. IgG иммуноглобулині бірнеше күннен кейін қанда пайда болады және негізгі иммундық реакцияны қамтамасыз етеді, сонымен қатар аурудан кейін иммунитеттің болуы мен деңгейін анықтайды", - делінген мақалада.
Ауырған кезде неге антиденелер бірден пайда болмайды?
Сайт мәліметінше, антиденелер пайда болуы үшін иммундық жүйеге "зерттеуге" уақыт қажет. Біріншіден, макрофаг жасушалары бөгде бөлшектерді сіңіреді және қорытады. Содан кейін олардың құрылымын B лимфоциттері анықтайды.
Бұл процесс бірнеше күн жалғасады, ал тұрақты иммунитет 1-2 аптадан кейін қалыптасады. Мысалы, антиденелер науқастардың жартысында COVID-19 жұқтырғаннан кейін 14-ші, ал 20-24 күннен кейін - барлығында дерлік пайда болады. Сарапшылар коронавирустың антиденелерінің болуына арналған тесттерді алғашқы белгілер пайда болғаннан кейін бір-екі аптадан кейін ғана тапсыруға кеңес береді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша жедел тесттердің дәлдігіне аурудың басталу уақытынан бастап, үлгідегі вирустың шоғырлануы мен оның сапасы, сондай-ақ реагенттердің нақты құрамы әсер етеді. Антиденелердің жауап беру күші бірнеше факторларға, оның ішінде жасқа, тамақтану жағдайына, аурудың ауырлығына және кейбір дәрі-дәрмекке немесе инфекцияларға байланысты.
"Адамдардың бойындағы COVID-19 антиденелерінің реакциясын анықтауға арналған тесттер вакциналарды әзірлеуді қолдау үшін өте маңызды болып табылады және індетті жұқтыру жағдайларын анықтау және бақылау, аурудың өршуі, халық арасында инфекциялардан болатын өлім деңгейі бойынша белсенді іс-әрекеттермен ауру анықталмаған адамдар арасында инфекцияның таралу ауқымы туралы түсінігімізді арттырады. Алайда, клиникалық диагноз қою үшін мұндай тесттердің пайдасы шектеулі, өйткені олар емдеу курсын анықтауға қажетті іс-шаралар туралы ақпарат беру үшін жедел инфекцияны тез анықтай алмайды", - делінген ДДҰ сайтында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!