11 қараша 2016 12:10

Электронды шылымдардың зиян екендігі ғылыми түрде дәлелденді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© GLOB-NEWS.COM © GLOB-NEWS.COM

Америкалық ғалымдар электронды шылымдарға арналған сұйықтықтардың обыр тудыруы мүмкіндігін анықтады. Зерттеу Environmental Science & Technology журналында жарияланды, - деп жазады Lenta.ru.


Америкалық ғалымдар электронды шылымдарға арналған сұйықтықтардың обыр тудыруы мүмкіндігін анықтады. Зерттеу Environmental Science & Technology журналында жарияланды, - деп жазады Lenta.ru.

Зерттеушілер электронды шылымдардың буында болатын альдегидтер концентрациясын өлшеп көрген. 

"Әрбір дем тарту кезінде тым көп альдегид бөлінеді, ал оның негізгі бөлігі хош иістендіргіш құрамының термикалық ыдырауынан болады", - деп түсіндірді ғалымдардың бірі Андрей Хлюстов. Бірнеше зерттеу қорытындысы бойынша, альдегидтер мөлшері АҚШ мемлекеттік өндірістік гигиенистері ассоциациясы бекіткен деңгейден асып отырған.

Еңбек авторлары аьдегид мөлшері шылымдағы хош иістендіргіш мөлшеріне қатысты болатынын айтады. Ғалымдар зерттеуін жалғастырып, басқа да дәмдік қоспалар альдегидтер мен өзге де улы қоспаларды бөлінетіндігін анықтап көрмек.

Мұның алдында, вейпер оқушылар электронды шылымнан бас тартып, кәдімгі темекіге өтіп жатқаны байқалған. 

Вейпинг - Электронды шылымдарды, яғни, ингаляторларды қолдану. Алғашында олар темекі шегу әдетімен күресу құралы ретінде сатылған. Уақыт өте вейпинг жастар арасындағы суб мәдениетке айналды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети