Елімізде апта сайын қызылшаның 400 жағдайы тіркеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде апта сайын қызылшаның 400 жағдайы тіркеледі © usolie.info

1 сәуірде елімізде қызылшаға қарсы вакцинациялау басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта қызылшаға қатысты жағдай сол деңгейде. Апта сайын 400 жағдай тіркеліп отырады. 1 сәуірде вакцинациялау басталады. Оған дейін 20 наурызға қарай қызылшаға, паротитке және қызамыққа қарсы үш валентті вакцина жүзеге асырылады. Вакцинациялау бірінші кезекте балаларға жүргізіледі. Мұндай әдісті осыған дейін де қолданғанбыз", - деді Бекшин үкімет отырысынан кейін.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, науқастармен жұмыс істеп жүрген медициналық қызметкерлерге де вакцинациялау жүргізіледі. Сондай-ақ, Бекшин елімізде былтыр қараша айынан бастап осы дерт бойынша шамамен 4 000 дерек тіркелгенін айтып өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети