Соңғы 11 жылда жұмысқа қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 50 есеге өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне сілтеме жасап.

Мысалы, 2005 жылдан 2015 жылға дейін жұмысқа қабілеттілігінен айырылу жағдайына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны мың 302 адамнан 69 мың 951 адамға дейін ұлғайып, 53,7 есеге өскен. Ал асыраушысынан айырылу жағдайына қарай жәрдемақы алатын адамдар саны 549-дан 31 135 адамға дейін, яғни 56,7 есеге өсті, жұмысынан айырылған жағдайда жәрдемақы алушылар 3258 есеге ұлғайды (8 мыңнан 26 мың 70 адамға дейін).
Министрліктің мәліметінше, 2008 жылдан бастап жүктілік пен босануға байланысты, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуға, 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты МӘСҚ жәрдемақылары тағайындалып келеді. 8 жылдың ішінде жүктілік пен босануға, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуға төленетін жәрдемақыны алушылар саны 1,9 есеге өсіп, 2015 жылы 173,2 адамды құрады (2005 жылы – 89,3 мың адам), 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылуға берілетін жәрдемақы алушы азаматтар саны - 2,4 есеге (83 мың 600-ден 201 мың 294 адамға дейін) ұлғайды.