Елімізде екі мыңнан астам жұп "түтіктегі" сәбиге зар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстанда екі мыңнан астам ерлі-зайыпты жасанды ұрықтандырудың көмегімен сәби сүюді армандайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Мағрипа Ембергенова Павлодар қаласына жасаған жұмыс сапары барысында осындай мәліметті жария етті. Оның айтуынша, бұл - мемлекеттен квота алу үшін ресми кезекке тұрған баласы жоқ отбасылардың ғана мәліметі. Ал негізінде перзентке зар боп жүрген отбасылық жұптардың қатары бұдан екі есе көп. Сәбиі жоқтарға қуаныш сыйлау үшін Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын жасанды ұрықтандыруға бөлінетін квота санын арттырып келеді. Дегенмен мемлекеттің көмегі барлық жұпқа бірдей жете бермейді. "ЭКҰ рәсімі медициналық көмектің жоғары мамандандырылған түріне жатады. Орташа есеппен бір әйелге 700 мың теңгеден келеді. Рәсім қымбат тұратындықтан, квота санына лимит қойылады. Биыл 600 квота бөлінді, 2015 жылы 750 квота бөлу жоспарланып отыр. Есепте 2 мыңнан астам баласыз отбасы тұрғанын ескерсек, бұл, әрине, жеткіліксіз", - дейді Мағрипа Ембергенова. Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта аймақта 400 ерлі-зайыпты ЭКҰ кезегінде тұр. Ал облысқа 27 квотадан артық бөлінбейді. "Бұл өте аз. Біз қазір квотаны көбейту мәселесін қарап жатырмыз, жеке ЭКҰ орталықтарымен келіссөздер жүргіземіз", - деді Ембергенова. Оның айтуынша, бүгінде республикада бес мамандандырылған клиника бар, келесі жылы Павлодарда осы салаға мамандандырылған тағы бір орталықтың құрылысы басталмақ. ЭКҰ-ның тиімділігі 25-30% деп есептеледі. Соған қарамастан, сәби сүюді армандайтын ата-аналар ол мүмкіндікті пайдаланып көруге дайын. Жасанды ұрықтандыруға қатысты тағы бір мәселе - донорлардың тапшылығы. "Жасы 35-тен аспаған, сап-сау ер адамдар ғана донор бола алады. Бұл жерде қиындықтар бар. Әрбір ЭКҰ орталығының өзінің донорлар базасы бар, бірақ, өкінішке қарай, бұл жеткіліксіз", - дейді Ембергенова.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro