10 ақпан 2018 | 12:25

Елімізде Орталық Азиядағы ірі онкологиялық орталық бой көтереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FinnMedTravel © FinnMedTravel

Француздық Vinci құрылыс компаниясы онкология саласындағы әлемдік лидерлердің бірігуімен Питтсбург Университетінің медициналық орталығымен бірге (the University of Pittsburgh Medical Center), осы жылы көктемде Астанада Орталық Азиядағы ірі онкологиялық орталықтың құрылысына кіріседі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.


Иконка комментария блок соц сети

Француздық Vinci құрылыс компаниясы онкология саласындағы әлемдік лидерлердің бірігуімен Питтсбург Университетінің медициналық орталығымен бірге (the University of Pittsburgh Medical Center), осы жылы көктемде Астанада Орталық Азиядағы ірі онкологиялық орталықтың құрылысына кіріседі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Бұл нысанның бірегейлігі оның ракты емдеу саласындағы техника мен ғылымдағы соңғы жетістіктерге сай болуында. Заманауи кешен аурухана, емхана, қонақүйді біріктіретін болады", - дейді Vinci филиалының Астанадағы басшысы Тимур Джабуа.

Ол мұндай құрылысты салудың идеясы мемлекет басшысына тиесілі екенін, 2011 жылы республикада әлемдік стандартқа сай медициналық кластер құру туралы тапсырма берілгенін айта кетті.

Осы бастаманың аясында Қазақстан астанасында Ұлттық онкологиялық орталықтың құрылысы туралы шешім қабылданған. Тапсырыс беруші - "Назарбаев университеті". Олар кеңес беруге ракты емдеу саласындағы көшбасшы – Питтсбург университетінің Медициналық орталығын шақырды. 2016 жылы француздық Vinci халықаралық тендерде Астанадағы орталықтың құрылысын салуды жеңіп алған.

"Біздің міндетіміз Орталық Азиядағы жаңа орталықтың уақыт өте келе өз қадамын жайменен алға жылжыту. Сол себепті, технологиялық жабдықтауға көп көңіл бөлінуде, яғни болашақта Питтсбург медициналық орталығымен онлайн режимде жұмыс істей алуына, сондай-ақ осындай ірі еуропалық орталықтармен де байланыс орнату. Бұдан басқа, жаңа медициналық кешен онкология саласында халықаралық нормативке сай болуы тиіс", - деп түсіндірді Тимур Джабуа.

Француздық компания жобаны іске асыру үшін қазақстандық Bi Group компаниясын таңдаған.

"Жобалау қазір аяқталудың алдында тұр, сәуірдің соңы мен мамырдың басында құрылыстың бірінші кезеңін бастаймыз, яғни іргетасы қаланады", - деді Джабуа. 

Айта кетейік, ұлттық ғылыми онкологиялық орталық Назарбаев университеті маңында орналасады және 5 гектардай жерді алады. Онда емдеудің жаңа технологиясы, инновация, алдыңғы қатарлы биомедициналық зерттеулер жүргізіледі. Орталық аймақта толықтай онкологиялық жәрдем беруді қамтамасыз етуі тиіс.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети