Енді қазақстандықтар темекі мен алкоголь алғанда құжат көрсетуге міндетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда алкоголь және темекі сату ережелері өзгерді: енді сатушылар тұрғындардар, тіпті, зейнеткерлерден құжат сұрауға міндетті. Бұл туралы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда алкоголь және темекі сату ережелері өзгерді: енді сатушылар тұрғындардар, тіпті, зейнеткерлерден құжат сұрауға міндетті. Бұл туралы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кодексте темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сататын адамдар жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге міндетті екені жазылған.

"Егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатудан бас тартуға міндетті", - делінген құжатта.

Мұндай норма алкоголь сатушыларға да қатысты жазылған. 110-баптың 18-тармағында егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе, алкогольді өнімді сатудан бас тартуға міндетті екені айтылған.

Яғни, бұрын сатушы клиенттің белгілі бір жасқа келгеніне сенімді болу керек болса, енді сатып алатындардың бәрінен жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге міндетті. 

Бұдан бөлек 2021 жылғы 1 шілдеден бастап тағы бір өзгеріс болуы мүмкін. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтарды шығарып және ашық көрсете отырып, сатуға тыйым салынады. Бұл туралы 110-бап 4-тармағының 16) тармақшасында жазылған.

"Бөлшек сауданың жүзеге асырылуы кезінде темекі өнімі, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі, қорқор қоспасы, темекі қыздыруға арналған жүйелер, тұтынудың электрондық жүйелері және оларға арналған сұйықтықтар туралы ақпарат сатылатын өнімнің тізбесін орналастыру арқылы сатып алушылардың назарына жеткізіледі, оның мәтіні қандай да бір графикалық бейнелер мен суреттер пайдаланылмай, сатылатын темекі өнімінің бағасы көрсетіле отырып, бір сауда орнына 40х30 сантиметрден аспайтын көлемде ақ фонда қара түсті бірдей өлшемдегі әріптермен орындалады және әліпбилік ретпен жасалады", - делінген құжатта.

7 шілдеде қабылданған Денсаулық кодексі туралы мына жерден толық таныса аласыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro